«Еңбек адамы»

Көрнекті жазушы Оралхан Бөкей бір сөзінде: «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген еді.Ұлттың рухани азығы болып табылатын асыл мұраларымыз жинақталған кітапхананың бүгінгі қоғамда алар орны ерекше. Иә, қанша жыл, тіпті қанша ғасыр өтсе де, асыл кітаптарымыз біздің құнды дүниеміз болып қала бермек. Өткен ұрпақ пен келешек ұрпақ та тек кітап нәрімен сусындап, білім алатыны анық. Еліміздің әр қала, аудан және ауылдық округтерде асыл мұрамызға толы кітапхана саны да жетерлік. кітапхана ішіне көрік беріп, қалың оқырманын қуана қарсы алатын кітапханашыларсыз кітапхананы елестету мүмкін емес.                   «Жангелдин  ауданының  орталықтандырылған кітапханалар  жүйесі»  ММ-нің әдебиеттерді өңдеу  және толықтыру  бөлімінің   кітапханашысының  бірі – Шайменова  Гүлбану    Толенбековна.

Гүлбану  Толенбековна  кітапхана саласында 22 жылдан астам уақыт еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған маман. Ол 1968  жылы 24 маусымда  Жангелдин  ауданы,  Торғай  ауылында  дүниеге  келген. Кәсіподақ мүшесі, жалпы ұжымның қоғамдық өміріне белсенді араласып, қолдан келгенше көмектесіп жүредіі. Осындай ақжарқын, керемет жанмен ұжымдас  болып бірге қызмет атқарып   келеміз. 2023 жылы «Қазақстанның құрметті  кітапханашысы» төс белгісімен  марапатталды.

Иә, әр салажұмысының өзіндік қиындығы мен қызығы қатар жүреді емес пе?! Кітапхана саласының да қиындығына төзіп, қуанышына қуана білген Гүлбану  Толенбековна  еңбегі көпке үлгі. Ендігі кезекте  іскерлік табыс пен денсаулық тілейміз. Өскелең ұрпақ бойына өнегелі тәрбие беруде аянбай еңбек ететін қызметкерлер қатары көбейе берсін.

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *