Кеңестің кеңейтілген отырысы

 

«Спорт, туризм және ақпарат мәдениеті қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалында салалық кәсіподақ төрағасы Светлана Кеңесқызы Иманқұлова, «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Ирина Петровна Аронова, кәсіподақ қозғалысының ардагері Шестакова Любовь Сергеевна және филиал кеңесінің мүшелерінің қатысуымен кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

 

Салалық кәсіподақ төрағасы Светлана Иманқұлова кеңес қатысушыларына салалық кәсіподақтың жұмысы туралы, салалық келісімдерге қол қою туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Облыстық филиалдың өкілі 2022 — 2024 жылдар аралығында жұмыс істеген кезең үшін, сондай-ақ саланың проблемалары мен міндеттері туралы есеп берді. Кеңес мүшелері мен шақырылғандарға есепті кезеңдегі мәдениет қызметкерлері кәсіподағы филиалының қызметі туралы презентация көрсетілді. Кеңесте бақылау-тексеру комиссиясының есебі де тыңдалды.

 

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі облыстық филиал өкілі Үміт Бламбекқызы Әкімбаеваның өз қалауы бойынша өтініш негізінде қызметінен кетуі болды. Салалық кәсіподақтың Жарғысы мен ережелеріне сәйкес есептік-сайлау конференциясы өткізілгенге дейін Қостанай облысы филиалының өкілі болып Светлана Темеркановна Құлжанова тағайындалды.

 

Кеңес соңында марапаттау өтті. Салалық кәсіподақтың «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен — Акимбаева Үміт Бламбекқызы, Ведлер Людмила Николаевна, Сейдахметова Мақпал Жарылғасынқызы марапатталды. Салалық кәсіподақтың құрмет грамоталарымен – Кубляк Светлана Николаевна, Жетпісова Венера Мұратбекқызы. Қостанай облыстық филиалының Алғыс хаттарымен Баум Елена Александровна, Николаенко Маргарита Александровна марапатталды.

Жұмыс сапары аясында салалық кәсіподақ төрағасы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы № 1 Л. Толстой атындағы ОӘҒК ұжымымен кездесті, кәсіподақтың қазіргі қоғамдағы рөлі туралы, кәсіподақтардың негізгі қызметі — қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау туралы айтып, кітапхана қызметкерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, «Қостанай таңы»газетінің редакторымен кездесу өтті. Салалық кәсіподақ төрағасы сұхбат берді, онда кәсіподақтардың қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын атап өтті.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *