КЕЛІСІМ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ
2024 жылғы 26 шілде айында ГАЗПРОМТРАНС Қостанай филиалы кәсіподақ жиналыстарында сайланған кәсіпорындардың келісім комиссиясының 33 мүшесі үшін оқыту өткізді. Семинардың тақырыбы: «Келісім комиссиясы: жұмыс беруші мен қызметкердің аспектілері». Іс-шараның мақсаты: еңбек дауларын тиімді қарау мақсатында ҚР еңбек заңнамасын түсіндіру және қолдану дағдыларын жетілдіру, практикалық кейстерді қолдана отырып, ҚР еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру, еңбек дауларын басқару бөлігінде келісім комиссиялары мүшелерінің мүмкіндіктерін кеңейту.
Семинар соңында әрбір қатысушы үлестірме материал: 16.06.2024 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен ҚР Еңбек Кодексі және оқудан өткені туралы тиісті сертификат алды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!