ЕҢБЕК АДАМЫ

                                                

Әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін алтын көпірді байланыстырушы Кітапханашылар.Осындай кітапханашылардың бірі Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Исабекова Лаззат Баяхметқызы  2017 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің  «Кітапхана ісі» мамандығын тәмамдаған. 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Арқалық қаласы орталықтандырылған кітапханасында әдіскер ретінде қызмет атқаруда.  Еңбек өтілі 20 жыл. Оның кәсіби тәжірибесі кітапхана ісінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Білімін жетілдіру мақсатында «Жаңа қазақ әліпбиіне негізделген емле ережелері» курсына қатысып, «Кітапхана инновациясы» онлайн тренингіне қатысқан және 2019 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігі А. Райымқұлова мен  «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Төрайымы С. Иманкуловадан «Құрмет грамотасы» марапатталған. 2021 жылы Қостанай облыс әкімінің  «Құрмет» грамотасымен, 2023 жылы Қостанай облысы мәдениет басқармасының  «Құрмет» грамотасы,  2024 жылы Арқалық қаласы әкімінің «Құрмет»   грамотасымен марапатталған.

Лаззат Баяхметқызы – білімге құштар, үнемі ізденіс үстінде жүретін, өз мамандығының нағыз білгірі. Оның еңбекқорлығы мен адалдығы қоғамымыздың дамуына үлкен үлес қосады. Ләззаттың ұйымдастырушылық қабілеті, жан-жақтылығы мен креативтілігі оның жұмысына оң әсер етеді. Ол әріптестерімен ынтымақтастық орнатып, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға атсалысады. Ләззат Баяхметқызы – екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған мейірімді ана, аяулы жар. Кітапхана ісінің дамуына зор үлес қосатын, білікті және жауапты әдіскер. Оның кәсіби тәжірибесі мен адалдығы кітапхананың қызмет көрсету сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *