Еңбек адамы
«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын».
Ә. Кекілбаев
Кітапхана жүйесі жаңа заманға, жаңа қажеттіліктер мен қызығушылықтарға бейімделіп, үнемі өзгеріп отырады. Енді бұл мекеме ақпарат пен білім патшалығы болумен қатар, жалғызбасты мен достардың кездесу орны, бұл орында сіз білім қорыңызды толықтырып қана қоймай, бос уақытыңызды қызықты өткізе аласыз.
Науырзымдағы осындай мекеменің басында Тасқымбаева Бийнегүл Төлетайқызы отыр. Бийнегүл Төлетайқызы Тасқымбаева Қостанай мәдени-ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін 1989 жылдан бастап кітапхана жүйесінде жұмыс істейді. Жоғары білімді.
Тасқымбаева Бийнегүл Төлетайқызы 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін директор қызметін кәсіби біліктілігімен атқарып келеді. Бастамашыл, шығармашыл және жоғары білікті маман, ол әмбебап кәсіби дағдыларға ие, кітапхана жұмысының кез келген саласын жетік меңгерген, кәсіби багажында көптеген жаңа идеялар мен ұсыныстар жетерлік. Бийнегүл Төлетайқызы басқарған аудандық орталық кітапханада 10 кітапхана бөлімі бар, оның ішінде 2 орталық кітапхана – аудандық кітапхана және балалар кітапханасы жұмыс жасайды.
Бийнегүл Төлетайқызы мәдениет саласында беделді, белді басшы, әдептілігімен, мейірімділігімен, әділдігімен ерекшеленеді. Моральдық және іскерлік қасиеттері, кәсіби дайындығы жағынан ол іскер әйелдің критерийлеріне сай келеді. Жеткен жетістіктер көптеген марапаттармен және құрмет грамоталарымен бағаланған.
Атап айтар болсақ, марапаттардың қатарында Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «2002 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша» Құрмет грамотасы, «Өнер де, шабыт та» номинациясы бойынша Қостанай облысының мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы (2005), 2007 және 2011 жылдарға арналған облыс әкімінің Құрмет грамоталары, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» аудан әкімінің Құрмет грамотасы (2011), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» Құрмет грамотасы (2016 ж.), сонымен қатар Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» құрмет грамотасымен марапатталған.
Бийнегүл Төлетайқызының кәсіби еңбегі қоғамдық салада да ескерілмей қалған жоқ : Түркебай мешітінің атынан, Ұлттық кітапхана директоры атынан мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапхана директоры атынан, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» медалімен және «Қазақстан Құрметі кітапханашысы» медалімен марапатталды. Оның мәдениет саласына қосқан үлесін тағы да Қостанай облысы әкімінің грамотасымен Қ.И.Ақсақалов атап өтті.
Бийнегүл Төлетайқызы негізгі жұмысымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. 2016 жылы Науырзым аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, 2019 жылы оның төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ «Науырзым ауданының табысты әйелдері» клубының мүшесі.
Өз ісінің шебері Бийнегүл Төлетайқызы нағыз Еңбектің адамы.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!