ҰЖЫМНЫҢ КҮШІ — БІРЛІКТЕ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қостанай облысы бойынша филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлер үшін табиғат аясында көшпелі тимбилдинг ұйымдастырды.
Кәсіподақ адамдарды тек жұмыс орнында ғана емес, сонымен қатар ұжымда өзара түсіністікке, құрмет пен қолдауға негізделген берік достық қарым-қатынастар орнатуға да ықпал етеді. Сондықтан мұндай кездесулер әрдайым қызметкерлер тарапынан зор қолдауға ие болады.
Таза ауа, белсенді ойындар, командалық тапсырмалар және еркін форматтағы қарым-қатынас қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен көптеген жағымды әсер сыйлады. Әріптестер күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт тынығып, бейресми жағдайда еркін әңгімелесіп, шынайы командалық рухтың тек жұмыста ғана емес, бірлескен демалыста да қалыптасатынына тағы бір мәрте көз жеткізді.
Күннің қалай өткенін де аңғармай қалдық. Оның жарқын естеліктері, әдемі фотосуреттері мен көтеріңкі көңіл-күйі ұзақ уақыт бойы есте сақталары сөзсіз. Осындай іс-шаралар ұжымның ынтымағын арттырып, оны бұрынғыдан да ұйымшыл, тату әрі жаңа жетістіктерге дайын етеді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен көтеріңкі көңіл-күйлері үшін алғысымызды білдіреміз!
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *