Заңсыз ұстау…

 

Кәсіподақ мүшесі азамат Н. өндірістегі жазатайым оқиға кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша біржолғы жәрдемақы төлеуден жеке табыс салығын заңсыз ұстап қалу бөлігінде консультация және құқықтық көмек көрсетуге жүгінді.
Заң клиникасы филиалының маманы ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының 4-1-тармағына сәйкес қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіптік ауруына байланысты төленетін еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайтынын түсіндірді.
ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 42-тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу түріндегі табысы салық салуға жататын табыстардан алып тасталуға жатады.
Осылайша, өтініш берушіге азамат Н. кәсіпорынның бухгалтериясына өндірістегі еңбек жарақатына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздықтың аурухана парақтарынан артық ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы өтініш беру ұсынылады.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *