ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ VIII ЕСЕПТІК-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ.

 

27 ақпанда салалық кәсіподақ төрағасы Светлана Кеңесқызы Иманқұлова мен «Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» АКБ  төрағасы Ирина Петровна Аронованың қатысуымен «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының кезекті VIII есептік-сайлау конференциясы өтті.

 

Конференция жұмысына филиал құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының делегаттары, әлеуметтік серіктестер және шақырылған қонақтар қатысты.

Филиал өкілі Светлана Темеркановна Құлжанованың жұмыс істеген кезеңдегі атқарған жұмысы туралы есебі, сондай-ақ тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Салалық кәсіподақтың VIII съезіне кеңестің, тексеру комиссиясының және делегаттардың жаңа құрамы сайланды.

Салалық кәсіподақ төрағасы Светлана Иманқұлова мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің жалақысы мен қосымша ақысын ұлғайту бөлігінде соңғы жылдары саланың атқарылған жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі және алдағы жылға қойылған міндеттердің іске асырылуы туралы айтып берді.

Ашық дауыс беру арқылы делегаттар бірауыздан филиал төрағасы қызметіне Светлана Темеркановна Құлжанованы сайлады, ол 2024 жылдың сәуірінен бастап филиал өкілі қызметін атқарды . Светлана Темеркановна бастауыш  өкілдеріне сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, саланы одан әрі дамытуға және нығайтуға, сондай-ақ кәсіподақ мүшелігін арттыруға үміт білдірді.

Конференция соңында үздік кәсіподақ белсенділері марапатталды. Көп жылғы еңбегі және саланы жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Юлия Владимировна Ненашева мен Ботагөз Төлегенқызы Тұрғанова марапатталды. Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы мен Сухина Елена Михайловнаны мерейтойлық күндерімен құттықтады.

 

 

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *