Еңбек АДАМЫ

 

 

Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде елеулі үлес қосып келе жатқан тұлға.

Тоты Әбдібекқызы Арқалық педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.Гуманитария ғылымының магистрі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының «Ресми мәтін және жазылым дағдылары» тақырыбы бойынша тұрақты тренері, 2023 жылдан бастап Қостанай қалалық мәслихатының №5 сайлау округі бойынша VIII-шақырылымының депутаты.

«Еңбек-мұратқа жеткізер». Тоты Әбдібекқызы еңбек жолын қарапайым  жұмыстан бастап, басшылық қызметке дейін көтеріп, көптеген маңызды қызметтер атқарған. 1996-2000 жылдары Арқалық қалалық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеді. 2004-2005 жылдары А.Зұлқарнай атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болды. 2005-2007 жылдары Наурызым аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап Тоты Әбдібекқызы Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқытудың облыстық орталығы» КМҚК оқытушысы және кейінірек әдіскер қызметін атқарды. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап 2014 жылға дейін осы орталықтың директордың орынбасары қызметін атқарды. Бірнеше жыл қатарынан  «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

Қазіргі уақытта Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы. Мемлекеттік қызметшілерге арналған «Тобыл» оқулығының авторы. Астанада өткен «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа сабақтары» фестивалінде «Теле-радио сабақтары» номинациясы бойынша І орын иегері атанды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясат комитеті ұйымдастырған Республикалық «Үздік оқытушы» байқауында І орын иегері атанды.

Тоты Әбдібекқызы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген бай тәжірибесі мен білімі оның қазақ тілінің дамуына қосқан үлесінің арқасында  Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен және Қостанай қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Екі жыл қатарынан «Үздік оқытушы» номинациясын иеленген.

Аяулы ана, асыл жар Тоты Әбдібекқызы  жолдасымен бірге  отбасында ұл мен қыз  тәрбиелеп, немере сүйіп отырған ардақты әже.

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *