ЕҢБЕК АДАМЫ

 

Кітапхана туралы ойлаған кезде, біздің көз алдымызға тыныштықтың, кітаптар мен оқырмандардың бейнесі келеді. Бірақ, осы мамыражай бейненің ар жағында, кітапхананың жұмысын мүлтіксіз ететін, көбіне көзге түсе бермейтін мамандар бар. Солардың бірі – санитарлық техника маманы. Кітапханадағы санитарлық техника маманы – оқырмандар мен қызметкерлер үшін жайлы жұмыс ортасын қамтамасыз ететін адам.

«Арқалық қаласындағы №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханада» су және жылу жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін күнделікті тер төгіп жүрген Ержанов Жаңбырбай Сәбитбекұлы, біздің кітапханада 10 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан, тәжірибелі және кәсіби санитарлық техника маманы.

Жаңбырбай Сәбитбекұлы – өз ісінің шебері. Оның біліктілігі мен өз жұмысына деген ыждаһаттылығы ең күрделі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді, мәселен құбырдан су кету мәселесін шешу, сантехникалық жабдықтарды монтаждау немесе олардың бұзылуының алдын-алу. Ол жұмыстың күрделілігіне, тәуліктің уақытына қарамастан әрқашан көмекке  келуге әзір. Өткен жылғы су тасқыны кезіндегі еңбегі ерекеше атап өтуге тұрарлық. Оның жұмысы біздің кітапхананың оқырмандары мен қызметкерлері үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, күнделікті өміріміздегі рөлі өте маңызды. Жаңбырбай Сәбитбекұлының еңбегі мен өз  ісіне деген адалдығының арқасында оқырмандар мен қызметкерлер біздің кітапханада өздерін жайлы және қауіпсіз сезінеді!

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *