МӘДЕНИЕТ — ӨШПЕС МҰРА!

Хамзина Гүлзат Болатқызы Қостанай облысы Жангелдин ауданында туып өскен. Композитор, күйші Болат Хамзиннің ұрпағы. Қостанай мәдени-ағарту училищесінің «мәдени-ағарту ісінің ұйымдастырушысы», Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған.

Қазіргі таңда Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің директоры. Өнер саласындағы қызмет атқарған 32 жыл ішінде көптеген жас өнерпаздарды тәрбиелеп, ұлттық өнеріміздің дамуына үлесін қосып келеді.

2012 жылы Қостанай Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері. Мәдениет және өнер дамуына үлесі зор. Мәселен Жангелдин аудандық Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған халық театрының жандануына үлесін қосуда.

Гүлзат Болатқызының бастамасымен 2019 жылы Атырау қаласында өткен «Республикалық халық театрлары» фестиваліне қатысып 300 000 теңге сертификатпен алғыс хатқа ие болды. Осы жылы Қостанай қаласында өткен Республикалық сатирик Сейіт Кенжеахметовтың құрметіне арналған «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театрларының байқауы өтіп бұл жолыда арнайы сыйлық және 150 000 теңге сертификатты иелендік.

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің Кәсіподақ ұйымының жұмысын жоғары деңгейде атқарылуына және кәсіподақ төрайымына үлкен ықпал жасап отырады. Мәдениет және өнер саласында атқарып жүрген еңбектері үшін марапатталып жүр. Гүлзат Хамзина өзінің жұмыс жасау принциптері мен адал еңбегімен кішіге үлгі, үлкенге мақтаныш бола білді.

#еңбекадамдары #лицатруда

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *