Жеке еңбек дауы қандай мерзімде қаралады?

«Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы» қоғамдық қабылдау тобына азаматша А. жүгінді.

«10 күн бұрын мен кәсіпорынның келісім комиссиясына еңбек дауын қарау туралы өтініш білдірдім. Осы уақытқа дейін келісім комиссиясы менің өтінішімді қарамады. Келісу комиссиясы өтінішті қандай мерзімге дейін қарауға тиіс?»

Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан тепе-тең негізде ұйымда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс.

ҚР Еңбек Кодексінің 159-бабының 5-тармағына сәйкес келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, ол белгілеген мерзімде орындалуға тиіс.

Келісу комиссиясының шешімі орындалмаған, мәселелер белгіленген мерзімде реттелмеген жағдайларда қызметкер немесе бұрын еңбек қатынастарында болған адам не жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.

Еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кеңесті Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67, 315 кеңсе мекенжайы бойынша Кәсіподақтар орталығының қоғамдық қабылдау бөлмесінен немесе 8 (7142) 54-23-43 телефоны бойынша алуға болады.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *