Қоғамдық қабылдау бөлмесі кеңес береді.

Қызметкер 2 ай жұмыс істеді, енді өз еркімен жұмыстан босатылды. Оған пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлене ме?
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 96-бабы 2-тармағына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі жұмыскердің орташа жалақысы есебінен есептеледі.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, егер еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдалану құқығын толық немесе оның бір бөлігін жүзеге асырмаса, онда жұмыс беруші еңбек қатынастарының мерзіміне қарамастан өтемақы төлемін жүргізуге міндетті. Өтемақы төлемі оның тоқтатылу негіздеріне қарамастан, еңбек шарты тоқтатылған кезде жүргізіледі.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *