Құрметті достар, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын
Бұл күн – татулық пен достықты дәріптейтін және ырыс пен ынтымақты еселейтін ерекше мейрам.
Біздің бүгінгі ортақ мүддеміз – ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау және нығайту болуы тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолында баршамыз ортақ мақсат пен мүддеге бір кісідей жұмылуымыз керек.
Береке-бірлігімізді арттыру бәріміздің абыройлы міндетіміз болуы тиіс. Сол арқылы барлық сын-қатерге төтеп беріп, еліміздің жаңа бағдарын табысты іске асырамыз.
Кәсіподақтар – бұл еліміздегі азаматтық қоғамның өте бір маңызды бөлігі. Еліміздің дамуы жолында оның да өзіндік үлесі бар. Еңбек адамының мүддесі мен құқығын қорғайтын, олардың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік және еңбек саласындағы мәселелердің туындауының алдын алу, әлеуметтік әріптестермен сындарлы қатынас орнату, еңбек дауларының алдын алу үшін тараптарды мәмілеге шақыру секілді орасан зор жұмыс кәсіподақтардың қажыр-қайратының арқасында атқарылып келеді. Сондықтан кәсіподақ мүшелері ортақ мүдде жолында ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайта түсу қажет.
Бірлік күнімен әріптестерімді, кәсіподақ мүшелері мен белсенділерін құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық және амандық тілеймін! Еліміздің ертеңі жарқын болсын!
Ізгі ниетпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!