Біздің ел, біздің Конституция, біздің шешім!

2022 жылғы 31 мамырда Ұзынкөл мәдениет үйінде жастар ресурстық орталығының еңбек ұжымымен конституциялық реформаны түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Кездесуге қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократияландыру бағытында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды бөлшегіне, билік пен халық арасындағы диалогты орнату үшін оның «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» іске асырудағы қадамдарына назар аударды. Осы мақсатта ол бұған дейін «Сайлау туралы» және «Саяси партиялар» ҚР Заңдарына түзетулерге қол қойған болатын, бұл Қазақстанның демократияландыру процесінің одан әрі дамуын айғақтайды. Алдағы референдум Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қажеттілігінің көрсеткіші болып табылады.
Ұжым республикалық референдум өткізу идеясын қолдап, аталған барлық жаңалықтардың еліміздің Ата Заңына сәтті енгізілетініне пікір білдірді.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *