«Келісу комиссиялары. Еңбек заңнамасының негіздері» курстары
Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы екінші жыл қатарынан облыстың білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін келісу комиссияларының мүшелері үшін «Келісу комиссиясы. Еңбек дауларын шешу тәртібі» атты тегін курстарын өткізіп жатыр.
Бүгінгі таңда облыстың қалалары мен аудандарынан 70-ке жуық тыңдаушы сертификат алды, барлығы 100-ден астам адамды оқыту жоспарланған. Келісу комиссияларының қалған мүшелерін оқытуды сертификат алған адамдар сатылы тәсілмен жүзеге асыратын болады. Биылғы жылы курстар тәжірибеге бағытталған, өйткені келісім комиссиясының мүшелері теориялық білімнің негізін өткен жылы алды. Курстарға қатысушылар еңбек дауларын шешу бойынша нақты жағдайларды талқылады.
Қатысушылардың әрқайсысына Жергілікті кәсіподақтың заң клиникасының басшысы Нина Суворова әзірлеген «Кәсіподақ мүшелерінің өзекті мәселелері» және «Әлеуметтік әріптестік туралы келісімге және ұжымдық шартқа сәйкес еңбек құқығының жекелеген нормаларын іске асыру» жинақтары берілді, олар жұмыста жақсы демеу болады. Келісу комиссиялары мүшелерінің құзыреттілігін арттыру еңбек дауларын шешу ретінде маңызды рөл атқарады.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!