Қостанай облысының журналистерін құттықтау

2022 жылғы 24 маусымда кәсіподақтар үйінде кәсіби мереке – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс – шара өтті.
Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, кәсіподақ қызметін жариялау бойынша белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Соңғы жылдары Қостанай облысының кәсіподақ ұйымдары БАҚ-пен белсенді ынтымақтастық жасап жатыр. Кәсіподақтардың қызметі туралы жаңалық репортаждары, «Бірінші студия», «Точка зрения» бағдарламалары және т.б. қызығушылық тудырады. «Қостанай таңы» газетімен жаңа жоба жоспарлануда, бұл еңбек қатынастары бойынша сұрақтар мен жауаптар айдары болады.
«Сіздер бізге кәсіподақ қызметінің маңыздылығын аудиторияға жеткізуге, түрлі форматта ақпараттандыруға көмектесесіздер», — деді Ирина Аронова.
Өз сөзінде ол ҚР Кәсіподақтар федерациясы өткізетін «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-конкурсы туралы да айтып өтті, оның мақсаты қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақтардың қызметін көпшілікке танымал ету болып табылады. Конкурс штаттық және штаттан тыс негізде жұмыс істейтін БАҚ және журналистер арасында өткізіледі. Өтінімдер ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Салтанатты жағдайда кәсіподақтармен жұмыс істейтін белсенді журналистерге Кәсіподақ орталығының алғыс хаттары мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.
Сондай-ақ, облыстың кәсіподақтары құттықтауларға қосылып, естелік сыйлықтарын табыс етті.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *