Референдум – «Жаңа Қазақстанға» алғашқы қадамдар

2022 жылғы 31 мамырда орман шаруашылығының «Ұзынкөл» КММ және «Михайловское» КММ еңбек ұжымдарында кездесулер өтті.
Қатысушылар референдум өткізу тәртібімен, сондай-ақ дауыс беру тәртібімен танысты.
2022 жылғы 5 маусымда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден жиырма сағатқа дейін өткізіледі. Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, республикалық референдумға шығарылған Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қабылданды деп есептеледі.
Кездесуге қатысушылар бірауыздан бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту және толықтыру халықтың ерік білдіруінің көрінісі болмақ, әрбір азамат демократияландыру мен «Жаңа Қазақстанды» құру бағытын нығайту үшін өз елінің тағдырын шешуге тікелей қатыса алады.
Соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, әрбір қызықтыратын сұраққа толық жауап алды.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *