Құрметті бұқаралық ақпарат қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп сипаттап кеткен болатын. Бұл дана сөздер бүгінде тек баспа басылымдарына ғана емес, заманауи электронды БАҚ-тарға, ақпарат агенттіктеріне де қатысты.

Сіздердің жарияланымдарыңыз бен көтеретін мәселелеріңіз қарапайым халықтың ойлары мен пікірлерін, ұмтылыстары мен үміттерін көрсетеді. Әрқашан халықтың ортасында болып, қоғамымызда орын алып жатқан жайттарды көрсетіп, жауапкершілігі аса жоғары салада тер төгіп жүрсіздер.

Сіздердің еңбектеріңіз елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру үшін ерекше маңызға ие. Кәсіби дағдыларыңыз бен білімдеріңізбен Қазақстанның әлемнің озық және дамыған елдерінің қатарына енуіне үлес қосып келесіздер.

Сіздерді бүгінгі мерекемен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан құттықтай отырып, сарқылмас шабыт, ерен еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін.
Қаламдарыңыз ұшқыр, жазарларыңыз ұтқыр болсын.

Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталин

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *