«ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

2022 жылдың 22 маусымында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Облыстық филиал төрағасы Әсет Досекенов қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, 2003 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын 23 маусымда мемлекеттік қызметші күні атап өтілетінін айтты. Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын бүкіл мемлекеттік жүйенің аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі және кез келген мемлекеттік қызметшінің бірінші кезекте кәсіби біліктілігі, имандылықтың жоғары деңгейі, патриотизм болуы керек.
Іс-шара барысында кәсіподақ көшбасшылары, белсенділері мен ардагерлері Орталық Кеңестің, Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының және «Қызмет» облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шараға қатысушылар құттықтаулар үшін, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *