Еңбек адамы – мал дәрігері Николай Соротник

«Дәрігерлер адамдарды емдейді, ал мал дәрігерлері – адамзатты» қазіргі әлемдегі маңыздылығы тұрғысынан ветеринар мамандығын осылай сипаттауға болады.
Мал дәрігері-ең асыл және адамгершілік мамандықтардың бірі. Адамдардың және жалпы ұлттың денсаулығы ауыл шаруашылығының осы маңызды саласының әл-ауқатына тікелей байланысты.
Николай Константинович Соротник 1983 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы техникумын «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірген. Оқуды аяқтағаннан кейін Ключевой ауылына оралып, өзінің еңбек жолын мал дәрігері лауазымынан бастады.
2014 жылдан бастап Николай Константинович «Қарасу ауданының Ветеринарлық станциясы» КМК Новопавлов ауылының ветеринарлық пунктінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алғашқы жұмыс күнінен бастап Қостанай облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының кәсіподақ ұйымының қатарына кірді.
Әріптестердің айтуынша ол өзінің лауазымдық міндеттерін кәсіби түрде орындайды, бұған өз ісін жақсы білу, көп жылдық практикалық тәжірибе және жұмысқа деген жауапкершіліктің жоғары деңгейі ықпал етеді.
Ауыл тұрғындары Николай Константиновичке ерекше құрметпен қарайды, ол күннің кез-келген уақытында төрт аяқтыларға білікті көмек көрсетуге әрқашан дайын екенін айтады.
2017 жылы агроөнеркәсіптік кешен жүйесіндегі көп жылдық және адал еңбегі, ветеринариялық қызметті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Николай Константинович: «Адам немесе жануар медицинасы оңай емес, сондықтан оған байыпты қарау керек. Шынында, ветеринар қорғансыз тіршілік иесі үшін жауапты. Оны түсініп, тыңдап қана қоймай, көмектесу керек».
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *