Еңбек адамы-жылу желілерінің шебері Виктор Головин
Бүгінгі күні жұмысшы мамандықтар арасында жылу желілерін пайдалану шебері мамандығы сұранысқа ие, оның өзектілігі тұрғын үйлер мен ғимараттарды коммуналдық-тұрмыстық, технологиялық тұтыну қажеттіліктері үшін жылумен қамтамасыз ететін жылумен жабдықтау жүйесінің маңыздылығымен түсіндіріледі.
Виктор Головин 56 жаста, 20 жыл «Тобыл» МКК-да жылу желілерінің шебері болып еңбек етеді. Ол кәсіподақтың белсенді мүшесі болып табылады, қоғамдық және кәсіподақ өміріне белсенді араласады.
Виктор Головин жылу тарату желілеріндегі зақымдануларды анықтайтын және жоятын жөндеу бригадасын басқарады. Өз міндеттерін өте жақсы орындайды, жөндеу сапасын бақылайды, өз жұмысын кәсіби түрде орындайды. Жұмыс барысында ол өзін сауатты, білікті маман ретінде көрсетті, ұжымда лайықты беделге ие.
Виктор Головин тығыз жұмыс кестесі бола тұрып барлық жерде үлгеруге тырысады – сүйікті отбасына да уақыт бөлуге, спортпен шұғылдануға және корпоративтік белсенділікке қатысуға тырысады. Мысалы, бос уақытта спорттық балық аулаумен әуестенеді.
Іске жауапты көзқарасы, жоғары кәсібилігі, өз міндеттерін мінсіз орындағаны үшін Виктор Головин бірнеше рет Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Жылу желілерінің шебері тез арада бір проблемадан екіншісіне ауысып, стандартты емес жағдайларда оңтайлы шешім табуы керек. Жұмыс әртүрлі, бригада алдында туындайтын міндеттер тапқырлықты, кәсібилікті және жоғары жауапкершілікті талап етеді», — деп бөлісті Виктор Головин.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!