Қосымша демалыстар туралы
“Қостанай облысы кәсіподақ орталығы” АКБ заң клиникасына азамат Е. кеңес алу үшін жүгінді, ол 4 жыл бойы цехта аспаз ретінде жұмыс істеген. Жұмыс беруші жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын береді.
Сонымен бірге азамат Е. жұмыс беруші жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын беруге міндетті ме екенін түсіндіруді сұрайды.
Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысымен қатар жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары берілуі мүмкін (ҚР ЕК 89-бабы).
Бұдан бөлек жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне сәйкес толық көлемде (аталған тізім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген) беріледі.
Жоғарыда аталған тізімге сәйкес тұрақты жұмыс істейтін аспазға алты күнге дейін қосымша ақылы еңбек демалысы беріледі.
Мына телефон нөмірлері арқылы 8 (7142) 54-23-18, Whatsapp 8-708-475-46-20 кеңес алуға немесе қабылдауға жазылуға болады.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!