Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел экономикасының өсуі, әлеуметтік саланың дамуы және сыртқы экономикалық қызметті тиімді жүзеге асыру көлік қызметкерлерінің еңбегіне байланысты екені даусыз.

Бүгінде ел мен елді жалғап, алысты жақын етіп, экономиканың күретамырына айналған саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Көлік логистикасына көңіл бөлу халықтың әл-ауқатын арттыру мен өнеркәсіптік өсім мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды салада ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген, Сіздерге, зор денсаулық, жарқын да берекелі өмір, бағыттарыңыз айқын, жолдарыңыз ашық болсын деп тілеймін!

Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *