Кәсіподақтың ата-аналарға көмегі

Ағымдағы жылдың 4 тамызында «Қазпошта»АҚ Қостанай филиалы кәсіподақ мүшелері үшін «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ата-аналар республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы өкілдерімен кездесу өткізілді.
Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты-ата-аналардың санасын ояту, олардың психологиялық-педагогикалық білімі мен дағдыларын арттыру, сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсету.
Кездесуде филиал басшысы Гүлжан Алпысбаева сөз сөйлеп, балаларды тәрбиелеудегі маңызды мәселелерді қозғады. Ана рөлі, ата-ана мен баланың өзара іс-қимылы туралы мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде психолог Збайра Мнайдарова презентация жасап, «Кошемет сөздері каруселі» атты ойынын өткізді.
Кездесу соңында қатысушылар кәсіподаққа ұйымшылдығы үшін алғыстарын білдіріп, «Қазпошта» АҚ Қостанай филиалы қызметкерлерінің ата-аналары мен балаларының бірлескен кездесулерін өткізу бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылдады.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *