Қалың қалай бастауыш ұйым?

2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Қостанай облысы бойынша кәсіподақ орталығы» АКК-мен бірлесіп «Қалың қалай бастауыш ұйым?»акциясы аясында «№1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » КММ бастауыш кәсіподақ ұйымына онлайн сапар ұйымдастырды.

Жұмысқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тиникеев, «Қызмет «мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Атақозы Нұрланов, «Қостанай облысы бойынша Кәсіподақ орталығы» АКК төрағасы Ирина Аронова, «Қызмет» салалық кәсіподақ КОФ төрағасы Әсет Досекенов, облыс кәсіподақтарының салалық және жергілікті филиалдарының өкілдері,белсенділері қатысты.

Кездесуді Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы И.П. Аронова ашып, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының құрамына кіретін «№ 1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ БКҰ онлайн-сапарының қатысушыларын қарсы алды.

Орталық директоры Татьяна Щербакова арнайы әлеуметтік қызмет алушылардың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге жауапты орталық қызметкерлері ұжымының үйлесімді жұмысы туралы айтып берді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Елена Рерих орталықтың кәсіподақ қызметінің жетістіктерімен бөлісті, кәсіподақтың әрбір мүшесінің кәсіби, әлеуметтік-экономикалық мүдделері мен құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылатын ұжымдық шарттың жаңашылдықтары, қызметкерлердің жүз пайыз кәсіподақ мүшелігі, жұмыс күндері, слайдтар арқылы бәрін көрсете отырып, өткізілетін іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, семинарлар туралы айтып берді.

Облыстық филиал төрағасы Әсет Досекенов «Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының қызметі туралы ақпаратпен бөлісті, ҚР Кәсіподақтар күнін мерекелеу кезінде өңірдің әлеуметтік әріптестігінің қорытындыларын айтты, Қостанай облысында сала кәсіподағын одан әрі дамыту және нығайту жоспарларын айтып, көрнекі түрде көрсетті.

Онлайн кездесу жұмысын «Қызмет» салалық кәсіподақ ОО төрағасының орынбасары Атақозы Нұрланов жалғастырды, ол медициналық-әлеуметтік орталықтың жұмысына жақсы баға беріп, басшы Татьяна Щербакованы үздік әлеуметтік серіктес ретінде атап өтіп, одан әрі нәтижелі ынтымақтастыққа сенім білдірді. Әлеуметтік қорғау саласындағы жоспарланған жаңалықтар туралы айтып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің еңбеккерлеріне, ақжүректі адамдарға алғысын білдірді.

Сөз сөйлеушілерді тыңдап, Мұхтар Тинекеев барлық алаңдардағы Кәсіподақтар федерациясы ең төменгі жалақыны көтеру және оны анықтау әдістемесін әзірлеу қажеттігін мәлімдейтінін айтты.

«Біз үнемі ең төменгі жалақыны көтеру қажеттігін талап етеміз. ХЕҰ Кейц индексін бекіткен, оған сәйкес ең төменгі жалақы орташа жалақының 50% құрауы тиіс. Егер бүгінгі таңда Қазақстандағы орташа жалақы 275 мың теңгені құраса, онда ең төменгі жалақы 137 мың теңгені құрауы тиіс. Кәсіподақтар федерациясы бұл мәселені Үкімет алдында одан әрі көтеретін болады», – деп толықтырды ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары. Сонымен қатар, Мұхтар Тинекеев ҚРКФ-ның халықаралық ынтымақтастық саласындағы маңызды жетістіктері туралы айтып берді. «Мамыр айының басында Халықаралық еңбек ұйымының тікелей байланыс миссиясы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Миссия өкілдері Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарында болып, Орталық Азия елдері кәсіподақтарының өңірлік конференциясына қатысты. Миссия мүшелері Кәсіподақтар федерациясының қызметін жоғары бағалады. Халықаралық әріптестер ҚР Кәсіподақтар федерациясының жұмысында, оның ішінде Кәсіподақтар федерациясы қызметкерлерінің арасынан төраға сайлау мәселесінде демократиялық тәсілдерді дамытуды қолдайды».

Онлайн кездесу соңында қатысушылар кәсіподақ көшбасшыларына сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар алып, «Қызмет» салалық кәсіподақ басшылығына, Кәсіподақтар федерациясына алғыстарын білдірді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *