«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға онлайн конкурс

2022 жылғы 8 қарашада Қостанай облысы Мемлекеттік қызмет агенттігінің департаменті «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға онлайн конкурс өткізді.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы Әсет Мұратұлы Досекенов Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін байқаушы ретінде конкурстық комиссияның жұмысына қатысты.

Конкурстық комиссияның жұмысы штаттық режимде өтті. Кандидат комиссия мүшелерінің сұрақтарына сенімді және нақты жауап берді, бұл жеткілікті кәсіби дағдылардың барын айғақтайды және конкурстық комиссия кандидатты бос лауазымға тағайындау туралы ұсынды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *