Еңбек адамы
Тайжанова Гульнара Абдигапаровнаның арманы бала жастан ұстаз болу еді, оған бірден бір себепкер анасы Карманова Гайникамал — 40 жыл математикадан сабақ беріп ұстаздық еткен және ұстазы, орыс тілі пәні мұғалімі Рахметкалиева Бахыт. 1983-1988 жылдары В. Г. Короленко атындағы Полтава мемлекеттік педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, әдіскер-тәрбиеші мамандығы бойынша тамамдап, 1988-1990 жылдарда Аманкелді ауданы ВЛКСМ-нің 30 жылдығы атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады. 1990 жылдан бастап Жангелдин ауданы Сужарған ауылы Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып, 2002 жылдан бастап мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқаруда.
Гульнара Абдигапаровна — рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дарқан адам. Алдынан оқыған шәкірттері Қазақстанның әр қаласында бірі-заңгер, бірі-журналист, бірі-ұстаз, бірі-есеп қызметкері т.б. болып еңбек етіп келеді.
Көп жылдық адал еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының, Білім және ғылым министрінің марапаттарына ие болды.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» — демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Ұстаз ретінде жас жеткіншекке білім берумен қатар, ауылыдың, аудандың өркендеуіне де өз үлесін жылдар бойы қосып келеді. Жұмыстан тыс уақытында стол теннисін, шахмат ойнайды, мәдени іс-шараларға ат салысады.
Аудан көлемінде мектептің және ауылдын намысын қорғап, спорт сайыстарына қатысып марапатталды.
Гульнара Абдигапаровна ұстаз — Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі дейді. Өз мамандығын әлемдегіең қажетмамандықтардың бірі депмақтан тұтады.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!