«Ұжымдық шарт — әлеуметтік серіктестіктің негізі».
2022 жылғы 16 қарашада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен және бизнес-қоғамдастығымен кеңес өткізді.
Бүгінгі таңда облыстың 890-нан астам кәсіпорны өнеркәсіп өнімін өндіреді, онда 42 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Кеңес барысында «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Ирина Аронова ұжымдық шарттар туралы баяндап берді.
Қостанай облысында 14 734 кәсіпорын жұмыс істейді. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының деректері бойынша қолданыстағы ұжымдық шарттардың саны облыс кәсіпорындарының жалпы санының 9 762 немесе 66,3 % құрайды. Республикалық көрсеткіш 52,2%.
Кәсіподақтары бар кәсіпорындарда ұжымдық шарттар 100% жасалған. Қазіргі таңда кәсіподақтар 1390 келісім жасады.
Ұжымдық шарт мақсаттарының бірі — әр қызметкердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты, Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы қолданыстағы облыстық үшжақты келісімге бірқатар толықтырулар енгізуге бастамашы болды, онда тармақтардың бірі ұжымдық шартта айқындалған талаптармен жыл сайынғы ең төменгі жалақыны индекстеуге қатысты.
26 қазанда үшжақты комиссияның кезекті отырысында кәсіподақтардың ұсыныстары өңірлік үшжақты келісімге енгізілді.
«Бұл кәсіподақ мүшелері үшін жақсы қолдау және ұжымдық шартта көрініс табу арқылы кірісті арттыру құралдарының бірі екеніне сенімдімін. Мемлекет басшысы халықтың табысын арттырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, бұл мәселені Үкіметтің ерекше бақылауында ұстауды тапсырды. Үкімет қазірдің өзінде бизнесті өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруге ынталандырудың жаңа шараларымен жұмыс істеп жатыр. Жалақыны көтеретін жұмыс берушілер үшін реттелетін сатып алу шеңберінде жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға басымдықпен қол жеткізу көзделетін болады. Ең алдымен жалақысы ең төмен жұмысшыларға еңбекақыны индекстеу қажет деп санаймыз», — деп атап өтті Ирина Аронова.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!