«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

 

25 қарашада бүкіл әлемде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні атап өтіледі. Осы күнге байланысты 10 желтоқсан — Адам құқықтары күніне дейін салалық кәсіподақтың Қостанай облыстық филиалының мүшелері «Бірігіңіздер! Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға белсенді араласу» ұранымен «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттердің 16 күні» жаһандық компанияға қатысады.

Акция зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлықты арттыру, әйелдер мен қыздардың мүдделерін қорғау бойынша күш-жігерді жандандыру және тәжірибе алмасу бойынша жаһандық іс-қимылдарға шақырады.

Облыстық филиалдың бекітілген жоспарына сәйкес әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жан-жақты жоюды қолдау және дамыту мақсатында «Қостанай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы орталық қызметкерлері үшін «Әйелдер мен қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні» дәрісін ұйымдастырды.

Дәріс барысында өзекті мәселелер қозғалды, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың анықталған фактілері, осындай фактілермен күресудің тәсілдері мен әдістері, сондай-ақ зорлық-зомбылық жағдайында кәсіби көмек алу мүмкіндігі, жазаның салдары мен шаралары, әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды.

Кездесу қатысушылары талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді, тақырып бойынша сұрақтар қойды. Сенімді әңгімеге біртіндеп көшкен дәріс толық өзара түсіністікпен өтті, соңында қатысушыларға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері анықталған жағдайда көмек алу мүмкіндігі туралы жадынамалар таратылды.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *