Әлеуметтік әріптестік – қозғалысқа!
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды әлеуметтік әріптестік жылы деп жарияланды.
2022 жылғы 13 желтоқсанда Қостанай облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалы Кеңесінің отырысы өтті, онда «Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік әріптестіктің жай-күйі мен даму перспективалары туралы» мәселе қаралды.
Отырыс жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы, Қостанай облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Департаменті; «Қостанай-Агро» газетінің бас редакторы қатысты және сөз сөйледі.
З. Жұмабекованың айтуынша — «Кәсіподақтар жұмысының тиімділігінің басты көрсеткіші Ұжымдық шарт жасасу технологиялары және алған білімдерін практикада қолдана білу екен. Филиалдың әлеуметтік диалогтың белгілі бір тәжірибесі бар, ұжымдық шарттар жасасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді».
Мәселен, кәсіподақтар жұмыс істейтін өңірдің ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындарында ұжымдық шарттар жасалды. Барлық жасалған ұжымдық шарттар филиалда міндетті құқықтық тексеруден өтеді, содан кейін мониторинг үшін еңбек инспекциясына беріледі.
2022 жылы жарияланған әлеуметтік әріптестік жылы аясында «2022 жылдың Үздік ұжымдық шарты» атағы үшін республикалық байқау (салалар бойынша) жарияланды, бұл байқауда 3 орын алған Қостанай ауданының «Заречное» СХОС» ЖШС-не жалауша мен ақшалай сыйлық табыс етілді.
Кеңес отырысы аяқталғаннан кейін әлеуметтік серіктестер, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасағаны және әлеуметтік әріптестікті дамытқаны үшін бірқатар кәсіподақ белсенділері «Еңбек даңқы» салалық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төсбелгілерімен, кәсіподақ филиалының Алғыс хатымен, Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!