Мерейтой құтты болсын!

2022 жылдың 5 желтоқсанында «Мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ өзінің 10 жылдығын атап өтті.

Достық үйінің әсемдеп, әдемілеп жиылған залында орталықтың қызметкерлері, өмір жолын мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет етуге арнаған ардагерлер жиналды.

Мүгедектерді оңалту орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының өкілдері орталық қызметкерлерін құттықтап, белсенділерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті. Берілген марапаттармен бірге бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік іс-шара концертпен жалғасты. 10 жылдық достық атмосферада аталып өтті.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *