Құрмет белгісінің иегері

Әлеуметтік әріптестік жылы Қостанай педагогикалық колледжінің директоры Ғалия Оразамбетова Қостанай облысында «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін!»белгісінің жалғыз иегері атанды!

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы бекіткен «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісімен Қазақстандағы салалық кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайту ісіне елеулі үлес қосқан адамдарды және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға жеке үлес қосқан адамдар марапатталады.

Оразамбетова Ғалия Ульмекханқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 12 жылдан астам Қостанай педагогикалық колледжін басқарады. Ол педагогикалық және студенттік ұжымның шығармашылық тәлімгері және кез-келген жағдайда адамдардың мүдделерін бірінші орынға қоя алатын өте кішіпейіл көшбасшы.

Айта кету керек, білім беру ұйымдарындағы барлық жергілікті актілер тек кәсіподақтың пікірін ескере отырып қабылданады, Ұжымдық шарт облыстық келісімнің талаптарын жақсартады, жыл сайын қызметкерлер санаторий-курорттық сауықтыруға жолдама алады, бұл ретте жолдама құнының 25% — ы кәсіподақ бюджетінен, 75% — ы жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржылан-дырылады. Бұл колледжде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік қолдау шараларының аз ғана бөлігі. Нәтижесінде-100% — ға жуық кәсіподақ мүшелігі!

Ғалия Ульмеханқызын лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз және лайықты еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *