Зорлық-зомбылықсыз өмір

«Бірігіңіз! Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға белсенді араласу» ұраны кәсіподақтың әр мүшесін өз пікірін айтуға болатын іс-шараларға белсенді қатысуға итермелейді.

Әйелдерге, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жан-жақты жоюды қолдау мақсатында 23-28 қараша аралығында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің кәсіподағы кәсіподақ мүшелерінің отбасыларын тарта отырып іс-шаралар өткізді: «Әкем, анам, мен – тату отбасымын» балалар шығармашылығы байқауы, «Мәдениет – түсіністіктің негізі» атты дәріс, «Зорлық-зомбылықсыз өмір» дөңгелек үстелі, «Жанжалды жағдайлар және олардан шығу жолдары» семинары, «Балалық шақ әлеміндегі қатыгездік пен зорлық — зомбылық жоқ!».

Кәсіподақ жетекшілері аталған іс-шараларға құқық қорғау органдарының, қоғамдық қозғалыстың, Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығының, әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталықтарының өкілдерін тартты.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *