«Кәсіподақ дәрісі»

Әлеуметтік — еңбек қатынастары саласындағы арнаулы орта оқу орындары түлектерінің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін арттыру мақсатында Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының Қостанай филиалы 2023 жыл ішінде «Қостанай облысы колледждерінің түлектеріне арналған құқықтық дәріс» жобасын іске асырады.

Жобаны іске асыруға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының қолдауымен 10-нан астам оқу орындары қатысады.

27 қаңтарда Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «Электрлік және электрмеханикалық жабдықты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша болашақ түлектерімен бірінші кездесу өтті.

«Келешек» Жастар кеңесінің мүшесі Әсет Исмағамбетов білім алушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін түсіндірді.

Құқықтық дәріс барысында Заң клиникасының заңгері Дүйсембі Қарабаев нақты мысалдармен еңбек дауларын шешу тәжірибесін түсіндірді.

Студенттер ақпаратты тыңдап, сұрақтар қойып, кәсіподақ қатарына қосылуға   тілек білдірді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *