2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы»

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қаулысымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланды. Негізгі міндет — қызметкерлер арасында қауіпсіз еңбек ортасын құру.

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелерінде кәсіподақтар маңызды рөл атқарады. Еңбекті қорғауды қоғамдық бақылаудың маңызды түрлерінің бірі-өндірістік кеңестердің жұмысын ұйымдастыру. Облыстың кәсіподақ ұйымдарында 849 өндірістік кеңес бар. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын ішкі бақылауды 1051 техникалық инспектор жүзеге асырады.

2013 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс берушінің қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі қызметін ерікті түрде декларациялауды іске асыру бойынша «Сенім сертификаты» жобасын іске асырып келеді. Жоба өндірістегі жазатайым жағдайлардың алдын алуға, қызметкерлердің мүдделерін қорғауға және жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Бүгінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын кепілдікпен сақтайтын Қостанай облысының 13 кәсіпорнына кәсіпкерлік субъектілерін үш жыл ішінде еңбек заңнамасының сақталуын тексеруден және бақылаудың өзге де нысандарынан босататын сенім сертификаттары табыс етілді.

Еңбекті қорғау саласындағы кейбір жетістіктерге қарамастан, біздің облыста өндірістік жарақаттану деңгейі жоғары. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ мәліметтері бойынша 2022 жылы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 123 жазатайым оқиға орын алып, 142 адам зардап шекті, оның 18-і өліммен аяқталды.

Кәсіподақтардың жалпы міндеті — қызметкерлердің денсаулығы, жарақаттанушылықтың болмауы!

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *