Көктемді жырлап…

Көктем мезгілінде табиғат жаңарып, айнала шуаққа бөленіп, тіршілік өзгеше реңкке боялады. Күн райының жылынып, жаппай көк шығатын мезгіл өзгермелі құбылысымен, тіршіліктің басталуымен ерекшеленеді. Арайлап шуағын шашып көктем де жақындап келеді.

«Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалы да 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әріптес аруларды, аналарды, құрбыларды құттықтай отырып, «Еңбек адамдары» айдарында парасатты, беделді қызметкер, адал жар, отбасы құндылықтарын сақтаушы, ілтипатты әріптес, кәсіподақ қозғалысының белсендісі, Әулиекөл аудандық филиалының қазынашысы Балдырған Әнуарбекқызы Әбдібекова туралы баяндайды.

Хикаяның кейіпкері Қостанай облысының Семиозерный ауылында 1965 жылдың көктемінде дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен кейін Балдырған Әнуарбекқызы өз еңбек жолын сонау 1982 жылы хатшылықтан бастаған, одан кейін Қостанай кооператив техникумын «бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдап, Семиозер сыра зауытына бухгалтер, содан кассир болып жұмыс істейді. Еңбекқор, жауапты, әрқашан алға ұмтылатын ол жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мемлекеттік қызметке орналасады, 2000 жылдан бастап «Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімі» ММ-де жетекші маман, содан бас маман болып қызмет атқарады. 2011 жылдан бастап осы уақытқа шейін «Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ сектор меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Уақыт өте Балдырған Әнуарбекқызы отбасын құрып, жұбайымен бірге үш баланы тәрбиелеп өсірген үлгілі жанұяның бірі. Қазіргі уақытта балаларынан өрбіген ұрпағын, немерелерін тәрбиелеуге көмектеседі.

Балдырған Әнуарбекқызын басшылық, оның әріптестері құрметпен мақтайды, ол кәсіподақ қозғалысының белсенді мүшесі болып табылады, аудандық филиал қазынашысының міндеттерін ерекше жауапкершілікпен орындайды. Ұжымда құрметке ие, қарапайым.

Балдырған Әнуарбекқызы қойылған міндеттерді нақты орындай алады, мақсатқа қол жеткізе алады, өзінің сүйікті жұмысына шығармашылықпен қарайды. Балдырған Әнуарбекқызы жұмыс, кәсіподақ қызметі, кез-келген жеке мәселе бойынша қарым-қатынас жасаған барлық адамдарға шынайы қолдау көрсетеді. Әріптестері Балдырған Әнуарбекқызын жақсы адам, қарапайым, ақкөңіл, жанашыр, әділ екендігін айтады. Әріптестердің мұндай пікірлері қымбат.

Өзінің негізгі жұмысымен бірге қоғамдық жұмысқа белсене араласады, 2008 жылдан бастап «Қызмет» салалық кәсіподағының Әулиекөл аудандық филиалының қазынашысы әріптестерімен бірге барлық іс-шараға қатысады. Көп жылдық, адал еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Көктемнің шуақты мерекесі 8 Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, шаңырағының ұйтқысы, асыл жар, аяулы әже Балдырған Әнуарбекқызына алдағы уақытта еңбегіңіздің зейнетін көріп, немерелеріңіздің тәтті қызығы мен шыжықтарына кенеле беріңіз демекпіз.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *