КЕЗДЕСУ
2023 жылғы 23 ақпанда «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы А. М. Досекенов жұмыс тобының құрамында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А. Б. Искендировпен бірге Федоров ауданына барды.
Көшпелі топ Федоров ауданының мемлекеттік қызметшілерімен, ХҚКО бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, содан кейін Банновка ауылы әкімі аппаратының белсенділерімен кездесу және кездесуге қатысушылар аудан орталығы мен ауыл тұрғындары түрлі сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
Кездесулер әңгімелесу жағдайында өтті, олар аяқталған соң көшпелі топ мүшелері мемлекеттік қызмет саласындағы ұсыныстар немесе ауыл, аудан тұрғындарының жеке шағымдары туындаған кезде Facebook, Instagram, әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы Мемлекеттік қызмет департаментіне де, «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалына да жүгінуге мүмкіндігін атап өтті.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!