«Еңбек адамдары»

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы «Еңбек адамдары» айдарында өңірдің мемлекеттік қызмет жүйесінің лайықты өкілдері туралы баяндалады, ал бүгін әңгіме өз өмірін әлеуметтік жүйеде жұмыс істеуге арнаған нағыз әйел туралы болады. Бочаренко Людмила Михайловна бұл жүйеде 90-шы жылдардан бері жұмыс істейді, нақтырақ айтсақ еңбегін сарп етеді. Қазір ол «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, ал сонау тоқсаныншы жылдары ол күш — қуатқа, жігерге, ынтаға толы жас Людмила Лисаков жұмыспен қамту орталығы-еңбек биржасына еңбек нарығы бойынша бас маман ретінде келді. 1999 жылы бірқатар мекемелер қайта құрылып, «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды, жаңа мекемеде ол өзінің барлық уақытын өз жұмысына арнап, бөлім басшысы лауазымына көтерілді. Жұмыста бәріне үлгергім келетін, әрине, үйде күйеуім қолдап түсінді, қызы ақылды, әдепті, ынталы болып өсті. 2009 жылы Людмила Михайловна «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, оның міндеттері артты. Халықтың осал топтарына мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты жұмыс қашанда қиын болған, мүгедектер, қарт азаматтар, көп балалы және аз қамтылған отбасылармен жұмыс істеу керек.
Людмила Михайловнаның өзі айтқандай, 2011 жылы мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімнің ашылуы үшін үлкен жұмыс атқарылды. Бұл бір күн, бір ай емес, орасан уақытты талап ететін жұмыс. Нағыз әйел, қамқор ана және сүйікті әже өзінің еңбек жолын жалғастырып келеді, кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысады, жас қызметкерлерді үйретеді. Ұжым ұйымшыл, үйлесімді жұмыс істейді, жүйе бұзылған емес! Өзінің кәсібилігі, белсенді өмір салты үшін Людмила Михайловна бірнеше рет марапатталды: 2016 жылы — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, 2022 жылы — «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі, «50 лет Лисаковск» мерейтойлық медалі, құрметті Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің грамоталары, Қостанай облысы әкімінің және Лисаков қаласы әкімінің алғыс хаттары. Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *