Еңбек қауіпсіздігі – басты мақсат

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесі кәсіподақ жұмысында ең басты бағыттарының бірегейі болып саналады. 2023 жыл Қауіпсіздік еңбек жылы болып жарияланды, осы іс – шараларға сәйкес «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облысы бойынша филиалы бастамасымен 28 сәуірде жыл сайынғы аталып өтілетің Дүние жүзілік қауіпсіздігі күніне орай кәсіподақ бастауыш ұйымдарының төрағалары және еңбекті қорғау техникалық инспекторларымен оқыту семинары өткізілді. Қатысушылар жазатайым оқиғалар нәтижесінде қаза тапқандарды бір минуттік естелікпен құрмет көрсетті.
Кәсіподақ филиалының төрайымы З.Жумабекова семинарды ашты және семинарда сөз сөйледі. 2023 жыл Дүниежүзілік күнінің ұраны «Қауіпсіздік және салауатты жұмыс ортасы – жұмастағы негізгі принцип заңы» екені атап өтті. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау әлеуметтік – экономикалық мәселесі болып табылады және мемлекеттің, жұмыс берушілердің, жұмысшылар қауымдастығының назарын аударуын талап етеді. Сонымен қатар қауіпсіздік және еңбекті қорғау кеңесі жұмысының тапсырмалары, функциялары және совет құқұқтары жайлы толық мәлімдеме берді. Еңбек кеңесінің шешімінің орындалуы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында міндетті болып табылады. Еңбекті қорғау техникалық инспекторларының атқарған рөлін ерекше атап өтті. Сөз сонында «Еңбекті қорғау үздік техникалық инспекторы» және «2023 жылдың еңбек жетекшісі – Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» Республикалық конкурсына белсенді қатысуға шақырды.
Қостанай облысының ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы өндірістік жарақаттану жағдайы туралы еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы – А.Ахметқали ақпарат берді. Ол 2022 жылдың қорытындысы бойынша 123 жазатайым оқиға болғанын, онда 142 адам зардап шеккенін, оның 18-і қаза болғанын атап өтті. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласы ұйымдарында 18 жазатайым оқиға орын алып, онда 19 адам зардап шекті, оның ішінде 4 адам өліммен аяқталды (оның ішінде кәсіподақ ұйымдарында 1 жағдай). Облыстың 21 кәсіпорыны тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін «Нөлдік травматизм – Vіsіon Zеro» шешімін қабылдады.
Облыстың 4413 кәсіпорындарына жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру қажеттігі туралы хабарландырулар жеткізілді.
«Қауіпсіздік – К» ЖШС директоры Л.Кульмухамбетова еңбек жағдайлары мен тәртібі бойынша жұмыс орындарын аттестациялау, аттестацияға дайындық мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестация өтуге бағынышты.
ҚР Еңбек кодексінің 12 тармағының 182 бабына жұмыс берушi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен қағидаларға сәйкес қызметкерлердiң өкiлдерiнiң қатысуымен мерзiмдi, кемiнде бес жылда бiр рет өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткiзуге мiндеттi.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы кәсіподақ төрайымы В.Саяпина «Алтын – нан» ЖШС әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің тәжірибесімен бөлісті. 2021 жылы жұмыс орындарын аттестациялау жүргізілді. Басқарушы персонал мен қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар оқытылып, сынақтан өтті. Екі жыл ішінде кәсіпорын SWETA инспекциялық қызмет көрсетудегі әлемдік көшбасшы аудит тексерісінен өтеді «СЖС Восток Лимитед» АҚ еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің денсаулығына қатысты бұл сынақтан абыроймен және бірде-бір ескертусіз өтті.
Семинарға қатысушылар алдында филиал төрағасының орынбасары А.Сүлейменов «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы ұйымдастыру жұмыстары» тақырыбында баяндама жасады.
Кәсіподақ комитеттері төрағаларының Facebook желісіндегі интернет парақшасында атқарған жұмыстары мен өткізілген іс-шаралар туралы бейнероликтермен филиал маманы Н.Бекбосынова бөлісті.
Бұл іс-шараның соңғы кезеңі семинарға қатысушылар командалар «Обо- на!» и «Мамандар» арасында «Еңбекті қорғау саласындағы үздік мамандар» атағы үшін КВН өткізілді. Еңбекті қорғау туралы әзілдеуге болмайды деп кім айтты? Байқауға қатысушылар керісінше дәлелдеді, бес сайыста тапқырлық пен әзіл көрсету арқылы өздерін дәлелдеулері керек еді, (визит карточкасы, дене қыздыру, блиц-сауалнама, сөзді жинақтау, рөлдік ойын (жағдай).
КВН-ге белсене қатысқан командалардың әрқайсысы филиалдың дипломымен, тәттілермен марапатталды.
Кәсіподақ белсенділері осы семинарды ұйымдастырушыларға мазмұнды әрі нәтижелі бағдарламасы үшін алғысын білдірді, барлық қатысушылар оң заряд алды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *