«Еңбек» депутаттық тобы

 

Аманат партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында азаматтарымыздың сұрауларынан туындайтын партияның он міндеті анықталды.

«Молшылықта өмір сүру, жақсы жұмыс істеу, еңбек жағдайлары, әлеуметтік қамқорлықты сезіну» №1, №2 міндеттер өз қатарында екі миллионға жуық адам бар Қазақстан кәсіподақтарының алдында тұр.

Сайлау қарсаңында Қазақстан кәсіподақтар Федерациясы адал экономика, әділ еңбек қатынастары, лайықты еңбек, жалақы, жұмыспен қамту бағыттарын қамтитын  «Кәсіподақтар әділдік үшін — 15 қадам» атты платформаны жариялады.

Айта кету керек, бұл Кәсіподақ платформасын «Аманат» партиясы мен «Қазақстан Халық партиясы» қолдады. Мұндай мақсаттар мен міндеттер басқа партиялардың өкілдерінде де бар.

Осы бағыттағы бірлескен жүйелі және жоспарлы жұмыс үшін сайлау алдындағы уәделерді орындау жөніндегі жол картасын ескере отырып, кәсіподақпен бірлесіп жұмыс істеген кезде Қостанай аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыстық мәслихатта «Еңбек» депутаттық тобын құру бастамасымен шықты.

Қостанай облыстық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі №20 шешімімен «Еңбек» депутаттық тобын құру туралы шешім қабылданды.

Депутаттық топтың төрағасы болып Қостанай облысының «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Татьяна Борисовна Булгацевич сайланды.

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *