ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНДА «ЕҢБЕК» ДЕПУТАТТЫҚ ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

 

Бүгін ZOOM-конференция режимінде Қостанай облыстық мәслихатының «Еңбек» депутаттық тобының бірінші отырысы өтті.

Қостанай облыстық мәслихатының құрылымында осы топты құрудың мақсаты «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасының бағыттарын және » Қазақстандағы әлеуметтік мемлекетке 15 қадам » ҚР Кәсіподақтар федерациясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру орындау болып табылады.

Қоғамның ең өзекті мәселелері лайықты және әділ еңбекақы, әлеуметтік қауіпсіздік, қауіпсіз еңбек жағдайлары туралы сұраныстар болып табылады.

Депутаттық топтың төрағасы, «SENIM» салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Татьяна Борисовна Булгацевич мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінен денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлеріндегідей жалақыны бірдей арттырудың болмауы мәселесі бойынша 4 өтініш білдірді.

Бұл мәселе «Еңбек» депутаттық тобының бірінші отырысында қаралды. Жұмыс тобының мүшелері басқа бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін түзету коэффициентін арттыруға, азаматтық қызметшілерге жатпайтын жұмыскерлер санаттарына еңбекақы төлеуге, денсаулық сақтау ұйымдарын арнайы киіммен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудың тапшылығына және т.б. қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, отырыста «Еңбек» депутаттық тобының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жұмысқа «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Ирина Аронова және Қостанай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы» ҚБ депутаттық фракциясының төрағасы Бибігүл Аққожина қатысты.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *