Бізде барлық жерде жастарға жол ашық!

 

Урозбаева Алтынай Мухамедкалиевна 1992 жылдың қаңтар айының      8 жұлдызыңда РФ Қорған облысында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақстанға қоңыс аударды.

Жоғары білімі бар, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Қаржы» мамандығын бітірген, орта мектептен бастап математика сүйікті пәні болған, арифметикалық есептердің шешімін табуды жақсы көрді.

Алтынайдың ата – анасының отбасы көп жылдан бері шаруа қожалығы мен айналысады, сондықтан болар бала кезінен ауыл шаруашылығы саласына қызығушылық танытты. 6 жасынан жылқы тізгіндей бастап, жануарларды өсірумен, бағумен тікелей айналысуда.

Ауыл шаруашылығы саласында 6 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын Қостанай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде статист болып бастап, содан кейін Қостанай қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінде есепші қызметін атқарды, 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы қызметін атқарып келеді.

Алтынай өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, әріптестерінің лайықты құрметіне бөленуде, жастарды қолдауға әрқашан дайын, мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынына үлгі болуды мақсат тұтуда. Сонымен қатар полиглот, ағылшын және француз тіл меңгеру курстарына қатысады. Бос уақытта кітап оқиды, интеллектуалдық ойындарға барғанды ұнатады. Алтынай Еуропа мен Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріне баруды армандайды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *