Позитивті өмір сүр!
Қостанай облысында шөбі мол, бетегесі жайқалған, қыр гүлдері қаулай өскен Денисов ауданы деген әдемі жер бар, сол Денисов ауданының жұмаққа ұқсас жерінде сүйкімді әйел, көңілді, өмірге құштар Бақытгүл Кеңесқызы Жакенова тұрады және жұмыс істейді.
Бақытгүл Кеңесқызы 20 жылдан астам салалық кәсіподақта, қоғамдық қозғалыс белсендісі, туа бітті кәсіподақ қайраткері.
2002 жылдан бері Бақытгүл Кеңесқызы өз еңбек қызметін Денисов аудандыұ еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы қызметінен бастап, 2005 жылы әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі болып тағайындалды. 2003 жылы ол Алматы экономика және статистика академиясын бітірді.
Негізгі жұмыспен бірге Бақытгүл Кеңесқызы қоғамдық жұмыспен айналысады, кәсіподақ оның екінші отбасы, мұнда ол әріптес те, құрбы, дос, қандай да бір мереке болсын, іс-шара болсын оның қатысуынсыз өтпейді, әрбір шараға ат салысады.
Жұмыста да, қоғамдық қызметте де оның сезімтал, шығармашыл болмысы сезіледі, әріптестері, достары Бақытгүл Кеңесқызының ұйымдастырумен болатын іс-шара әрдайым қызықты әрі көңілді өтетінін біледі. Біздің өмірімізде, жұмыста, кейде екінші үйге айналатын ұжымда кез-келген тақырыпқа сөйлесуге, қиындықтарымызбен бөлісуге болатын позитивті адамдардың болғаны керемет. Күн сайын, жылдан жылға жұмыс істейтін әріптестері Бақыткүл Кеңесқызын жанашыр, қайырымды, елгезек адам екенін айтады. Олар әрқашан әріптесінің жетістіктерімен мақтанады.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!