Еңбек адамы — болашақ ұрпаққа лайықты үлгі
Савченкова Лариса Валерьевна өзінің еңбек жолын 17 жасында вагон депосында көмекші болып бастады және бірнеше айдан кейін бригадир болды.
«Ремвагон» ААҚ — да Лариса Валерьвна 1993 жылы магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша жас дефектоскопист-маман болып жұмыс істеуге келді. Уақтылы міндетті оқуды практикалық жұмыспен ұштастыра отырып, жоғары білікті қызметкер атанды. Жалпы еңбек өтілі 40 жыл.
2007 жылы «ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС доңғалақты-роликті учаскесінің бригадирі болып ауыстырылды.
Лариса Валерьевна — жастардың тәлімгері, оның басшылығымен дефектоскопистер мен бригадирлер қатары өсті. Олар үшін үлгі бола білді, өйткені ол еңбек міндеттерін адал орындайды, компанияның талаптары мен саясатын сақтайды. Кәсіпорында құрылған күнінен бастап 20 жыл жұмыс істейді.
Кәсіпорынның кәсіподақ комитетіне белсенді қолдау көрсетеді. Кәсіподақ комитеті өткізетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысады.
Лариса Валерьевна бірнеше рет медальдармен, мақтау қағаздарымен және кәсіпорынның «Құрмет тақтасы» сертификатымен, кәсіподақ грамоталарымен марапатталды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!