ЕҢБЕК КҮНІ-КӘСІПОДАҚТАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕ.

Жыл сайын, қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде, 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мереке әр ұрпақтың адамдарын, еліміздің игілігі үшін еңбек ететіндердің барлығын біріктіреді.

Бүгін «Жастар Сарайы» Ұлттық мәдени орталығының қабырғасында «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурсқа қатысуға барлығы 35 өтінім берілді.

Іс-шараны жергілікті атқарушы органдар, «Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» АКБ және «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі  басқармасы» ММ ұйымдастырды.

Салтанатты рәсімде жеңімпаздарға Қостанай облысы әкімінің атынан гравитондар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы:

1 орын — Жиембаевтар отбасы, «Алтынсарин» ЖШС-еңбек әулетінің 9 өкілі, жалпы еңбек өтілі 229 жыл;

2 орын — Кулишовтар отбасы, апаттық-құтқару қызметтерінің Рудный жедел взводы — еңбек әулетінің 5 өкілі, жалпы еңбек өтілі 88 жыл;

3 орын — Чеченя отбасы, «Қостанай-су» МКК — еңбек әулетінің 5 өкілі, жалпы еңбек өтілі 95 жыл.

«Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы:

1 орын — Исмагулов Анатолий Асқарұлы — Рудный өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;

2 орын — Туғанасова Батима Сәлімжанқызы – «Қостанай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы» КММ еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы;

3 орын — Стяжкин Григорий Сергеевич – «Қостанай минералдары» АҚ жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы:

1 орын — Шубенок Ольга Николаевна – «Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің Арзамас жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

2 орын — Қарпықова Лайла Оразқызы – «Қостанай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы» КММ әдіскер тәрбиешісі;

3 орын — Ахметов Алтай Қайырбекұлы – «Қашар рудасы» АҚ электромонтері.

Өз кезегінде Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова қатысушыларды кәсіподақтар атынан Еңбек күні мерекесімен құттықтады.

«Кәсіподақтар федерациясы мемлекет тарапынан маңызды шешімдер қабылдауға ықпал ете алды — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылы халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды, ең төменгі жалақы мөлшері 3 жылдан бері өсіп келеді және оны индекстеуді қамтитын ең төменгі еңбекақы мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу жөніндегі бұрыннан келе жатқан кәсіподақ бастамасы бастау алды.

Кәсіподақтардың бастамасы бойынша «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңның жаңа жобасы әзірленуде. Сондай — ақ, 2030 жылға дейін қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданады», — деп атап өтті төраға.

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *