Істі сотқа жеткізбеңіз, еңбек шартын жасаңыз!                                                                                                                

Қостанай қаласындағы «ЁбиДоёби» суши – барының бұрынғы қызметкерлері «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ жанындағы заң клиникасына жүгінді.

Өтініштің мәні мынада: бес қызметкер себепсіз жұмыстан босатылды және сонымен бірге жалақы төленбеді. Олар еңбек шарттары мен бұйрықтарынсыз жұмыс істеді.

Заң клиникасының басшысы-Дүйсемби Қарабаев жұмыс беруші қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзғанын және дауды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігі болмағандықтан сотқа жүгіну қажет екенін түсіндірді.

Сот талқылауы барысында бұрынғы қызметкерлерге білікті адвокаттар Ділмұрат Қайратұлы Сәрсенов пен Талғат Тұрарұлы Бекмағанбетов үлкен көмек көрсетті, олар сотта талапкерлер мен жауапкер арасындағы еңбек қатынастарының болғанын дәлелдей алды. Айтпақшы, адвокаттар өз қызметтерін тегін көрсетті!

Сондай-ақ, сот процесіне үшінші тұлғалар ретінде кәсіподақ орталығының өкілі және мемлекеттік еңбек инспекторы қатысты.

Екі айдың ішінде төрт сот отырысы өтті, нәтижесінде сот талапкерлерге жалақы бойынша берешек, моральдық зиян мен сот шығындарын өтеу туралы шешім шығарды.

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *