ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ.

    Светлана Владимировна Уварова Беларуссияда, қызметкерлер отбасында дүниеге келген. 1956 жылы Светлана Владимировнаның отбасы тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға көшіп, Қостанай облысы Федоров ауданы Ленин совхозында қоныстанды.

1971 жылы Светлана Владимировна А. Иманов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, орта оқу орындарының еңбек және физика пәндерінің оқытушысы біліктілігін алды. Сол жылы физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады.

Мамандықты таңдау Светлана Владимировнаның екі ағасы мектепте мұғалім болып жұмыс істегендігімен анықталады.

Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі Светлана Владимировна 37 жыл бойы Қостанай қ.№ 22 ОМ физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Педагогикалық қызмет барысында оның қолынан көптеген оқушылар өтті, оларға пәнге деген сүйіспеншілігін оятты. Көптеген оқушылар оның ізімен жүріп, мұғалім болды.

Жемісті жұмысы үшін Светлана Владимировна көптеген грамоталармен марапатталды.

Отбасының педагогикалық дәстүрін қызы Станогина Наталья Владимировна № 22 орта мектепте математика мұғалімі қызметінде жалғастыруда.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *