«ЕҢБЕК АДАМЫ»

Шиукашвили Кристина Александровна Қостанай қаласының№7 ЖББМ физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді және біздің кәсіподақтың мүшесі болып табылады. Биылғы оқу жылында ол 3 кезеңде өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауына қатысты.

Шиукашвили Кристина Александровна пән мұғалімдері арасында «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша фестиваль байқауына қатысты. Қалалық кезеңде 2 орын, облыстық кезеңде 1 орын алды. Алматы облысының Қаскелең қаласында өткен республикалық кезеңде біздің әріптесіміз «Физика сабақтарында геймификация әр баланың біртұтас дамуы мен табысты оқуы үшін қолайлы жағдай жасау тәсілі ретінде»тақырыбы бойынша идеясы үшін 3 дәрежелі дипломға ие болды.

Кристина Александровнаны құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз. Біз сізді мақтан етеміз!

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *