ЕҢБЕК АДАМЫ

Көшкінбай Сымбат Мұратқызы — «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ библиографы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Кітапханашы мамандығы, Сымбаттың айтуынша, адамдар мен кітапты байланыстыру, білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету және тың жаңалықтарды шабыттандыру өнері.

Жастығына қарамастан Сымбат Мұратқызына сенім артып, бастауыш ұйымның төрағасы ретіндегі қоғамдық жұмыс әріптестерінің сенім деңгейінің көрсеткіші. Ол адамның бүкіл өмірі қалаулардан тұрады деп есептейді. «Табысқа жету формуласы: өзін-өзі дамыту – коммуникация – ақпараттық технологияны меңгеру – алға қойған мақсаттарға жету – инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру – құзыреттілік – тұрақты қозғалыс».

2023 жылы Сымбат Мұратқызы Астана қаласында өткен OPENAIR-2023 «Мобилография және SMM-технологиялар және Тик-токқа контент әзірлеу» фестиваліне қатысып, сертификат алды.

Кітапхана жүйесінде 8 жыл жұмыс істеген Сымбат Мұратқызы Қостанай облысы мәдениет Министрлігінің, Мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Жас, талантты маман Сымбат Мұратқызы «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстанның еңбекші әйелдерінің алдағы 1-ші форумына қатысатын болады.

Оған форум жұмысына сәттілік тілейміз.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *